Теннис • 13 Ақпан, 2020

Аргентинамен күш сынасады

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық теннис федерациясының штаб-пәтері орналасқан Лондонда (Ұлыбритания) теннистен Федерация кубогының плей-офф кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті.

Аргентинамен күш сынасады

Жеребеге сәйкес, Қазақстан құрамасы Федерация кубогының келесі жылғы іріктеу кезеңіне қатысу үшін Аргентина теннис­ші­лерімен шеберлік сынасады. Кездесу алдағы сәуір айының 17-18 күндері өтеді. Әзірге бәсекенің қай жерде өтетіні белгісіз. Қазақ­стан мен Аргентина құрамалары бүгінге дейін кездеспеген.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы өткен аптада Федерация кубогының биылғы іріктеу кезеңіне қатысып, Бельгия құрамасынан 3:1 есебімен жеңіліп қалған болатын.