Аймақтар • 13 Ақпан, 2020

Көше жарнамасына көңіл бөлінеді

642 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында көшедегі көрнекі жазбалар мен жарнамалар мәтінінің сауаттылығына ерекше мән беріледі. Өткен жылдың соңында өңірдегі тілдерді дамыту басқармасы облыстық кәсіпкерлер палатасымен меморандум жасап, облыстық әкімдікпен бірге іс-шаралар жоспарын бекітті.

Көше жарнамасына көңіл бөлінеді

– Бұл меморандумның мәні­сі – елімізде қабылданған мемлекет­тік бағдарламаларды аймақта жү­зеге асыру, қолданыстағы заң­намаға сәйкес әдістемелік көмек көр­сету, көрнекі ақпарат және жар­нама саласындағы мәтін са­уат­тылығын біріздендіру еді. Ме­­морандум мерзімі 5 жылға ар­налған. Айта кетейін, біздің осы бастамамыз 2019 жылдың со­ңында өткен Nur Otan партиясы жанындағы «Miras» респуб­ликалық қоғамдық кеңесінің отырысында ел көлемінде тәжірибе ретінде таратылды, – дейді Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту бас­қар­масының басшысы Айгүл Мыңбаева.

Міне, осы меморандум­ аясында жақында Орал қала­сында «Сауатты жарнама – тіл таза­лығының көрі­нісі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Оны Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық кәсіпкерлер палатасы көрнекі ақ­парат саласындағы ын­ты­мақ­тастықты дамыту және өзара түсі­ністікке ықпал ету мақ­сатында ұйымдастырған.

«Тиімділікті арттыруға икемді дағдылар» атты тренингпен бас­талған шара көрнекі ақпарат және жарнама саласындағы мә­тін сауаттылығын сақтау жолын талқылаумен жалғасты. Се­минарға облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен кәсіпкерлер па­латасынан бөлек, облыстық әді­лет департаменті, «Нұр Отан»­ ХДП БҚО филиалы, Орал қалалық әкімдігі, Орал қалалық про­ку­ратурасы, мемлекеттік кі­ріс­­­тер департаменті, «DAMU» кә­сіп­керлікті дамыту қоры, кәсіп­керлер қауымдастығы өкілдері және журналистер қатысты.

Жиында Батыс Қазақстан облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төра­ғасы Алтынбек Абдұлманов «Көрнекі ақпарат тілі – қоғам тілі­нің барометрі» тақырыбына баян­дама жасап, көрнекі ақпараттың сауатты болуы туралы сөз қозғады. Орал қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Әсел Зайдуллина жарна­ма мен көрнекі ақпараттағы кемшіліктерді заң тұрғысынан бағалап берді. Ал Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев Орал қаласындағы көрнекі ақпараттар мен жарнамаларда тіл нормаларының сақталу жағдайына шолу жасады.

Мысал үшін айта кетсек, өт­кен жылы тілдерді дамы­ту бас­қар­масы «Қазақстан Республи­касындағы тіл туралы» заңның 21-бабы және «Жарнама туралы» заңдары талаптарының көрнекі ақпарат құралдарын рәсімдеуде сақталу мәселесі бо­йын­ша «Сауатты жарнама – қала көркі» атты акция ұйымдас­тыр­ған болатын.

Осы акция аясында Орал қа­­ласы кәсіпкерлеріне көрнекі ақ­параттарда тіл заңдылығын сақ­­тау үшін Whats App мессенд­жері арқылы үнемі көмек көрсе­тілді. Жыл бойы «Қазақ тілі» қоғамдық қоры, кәсіпкерлер па­латасы және жергілікті БАҚ өкілдері 130 кәсіпкерлік нысанға әдістемелік көмек көрсеткен болса, «Жедел желі» арқылы 137, Whats App мессенджері арқылы 192, барлығы 459 көрнекі ақпаратқа әдістемелік көмек көрсетілген.

Бұған қоса басқарманың әлеу­­меттік тапсырысы аясында «Tilge qurmet» тіл инспекция­сы жұмыс жасайды. Көрнекі ақпараттардың тіл нормаларына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру бойынша Орал қаласындағы 3 даңғыл мен 492 көшеде орналасқан 2178 кәсіпкерлік нысанына әдіс­­темелік көмек көрсетіліп, кар­то­тека толтырылған. Көрне­кі­ ақ­паратта кемшілік анық­тал­­ған 908 кәсіпкерлік нысанына об­лыстық «Қазақ тілі» қо­­ғамдық бір­лестігінің ескерту хаты тапсырылып, әдістемелік көмек көрсетілген. Міне, осының нәти­­жесінде қазіргі таңда бұл кәсіп­кер­лік нысандарының көр­некі ақ­параты түзетілді.

Көрнекі ақпаратты айтқанда ел­ді мекен, көше атауларына да соқпай кете алмаймыз. Ресейдің бес облысымен шектесетін Ба­тыс Қазақстан облысында бұл бағытта атқарылар жұмыс әлі де көп. Дегенмен, Мемлекет бас­шысы Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 27 қыркүйектегі №19-32-20.357 тапсырмасына сәйкес ономастикалық атауларды ретке келтіру және идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды ұлттық танымға жақын атаулар­мен ауыстыру бағытында бір­қатар жұмыс жүргізілді. Батыс Қазақ­стан облыстық ономас­тика комиссиясы 1 ауылдық округ, 6 елді мекен, 200 көше атауын өз­гертуге оң қорытынды бер­ді. Сондай-ақ Қазақстан Респуб­ли­касы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №945 қау­лысы негізінде Ақжайық, Бөрлі, Қазталов аудандары мен Орал қаласының 12 білім беру мекемесінің атаулары өзгертіліп, тарихи тұлғалардың есімі берілді. Дегенмен, өңірдегі бірнеше аудан орталығының, Орал қаласы маңындағы елді ме­кен­дердің отарлық кезеңнен қалған орысша атауларын ауыстыру әлі кезегін күтіп тұр.

 

Батыс Қазақстан облысы