Аймақтар • 13 Ақпан, 2020

Ескі үйдің төбесі опырылып түсті

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше кешқұрым Петропавлдың қақ ортасындағы Интернационал көшесінің бойындағы №2 тұрғын үйдің шатыры түсіп кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауына қарағанда, әйтеуір қаза болғандар мен жапа шеккендер жоқ.

Ескі үйдің төбесі опырылып түсті

Бұл үй 1968 жылы салынған 5 қабатты «хрущевка» типіндегі ескі құрылыс болатын. Пәтерлер саны 120, ал тұрғындар саны 400 дей адам екен. Төтенше жағдайлар мамандарының алдын ала болжауларына қарағанда, шатырдың ағаш конструкциялары шіріп, жауған қардың салмағын көтере алмай сынып кеткен. Оның гүрс етіп сынған дыбысы сол үйдің тұрғындарына ғана емес көшедегі адамдарға да естілген.

«Көшеден автобус аялдамасына қарай кетіп бара жатыр едім, гүрс еткен дыбыстан шошып кеттім. Сөйтсем, дыбыс биік үйдің төбесінен шықты»,- дейді азамат Сергей Кулагин.

Оқиға орнын зерттеген мамандардың айтуына қарағанда, бүлінген төбенің аумағы 24 шаршы метрге жуық. Қазір оның негізгі себептері анықталу үстінде. Содан кейін кімнің кінәлі екендігі анықталмақ. Егер кінә қардан ғана болса, онда үйдің төбесі қалалық әкімдіктің бюджеті есебінен жөнделеді.

 

ПЕТРОПАВЛ