Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті аспектілері және оларды дамыту перспективалары талқыланды.
У.Рейнсалу Қазақстанның Эстониядағы Елшілігінің ашылуын ыстық ықыласпен қарсы алып, қазақстан-эстон мемлекетаралық қатынастарының жоғары деңгейі мен достық сипатын атап өтті.
Елші Н.Сейтімов тиімді іс-қимыл үшін келешегі бар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтті: Эстония айтарлықтай жетістікке жеткен цифрландыру саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, білім беру процестерін ұйымдастыру салалары.
Тараптар екіжақты қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеру үшін тығыз ынтымақтастық туралы уағдаласты.