Спорт • 13 Ақпан, 2020

Қазақстан құрамасы жағажайдан Азия чемпионатына қатысады

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-16 ақпан аралығында Тайландтың Удонтхани қаласында «Вессуван» стадионында жағажай волейболынан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан құрамасы жағажайдан Азия чемпионатына қатысады

Біріншілікке 13 мемлекеттен 55 команда қатысады. Оның 32-сі ер, 23-і әйел.

Бәсекеге Қазақстан құрамасы сапынан 3 ер және 2 әйел жұбы қатысады.

Ерлер:

Алексей Сидоренко / Александр Дьяченко;

Дмитрий Яковлев / Сергей Богату;

Алексей Кулешов / Артём Петросянц;

Әйелдер:

Ирина Цимбалова / Бақтыгүл Самаликова;

Алина Раченко / Анастасия Уколова.