Қазақстан • 13 Ақпан, 2020

Қазақстан мен Израиль ынтымақтастығы ілгерілейді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экономикалық саладағы қазақстан-израиль ынтымақтастығын кеңейту мақсатында Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов жергілікті ірі компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Израиль ынтымақтастығы ілгерілейді

«Europe Asia Pipeline Co» энергетикалық компаниясының бас менеджері И.Левимен қазақстандық мұнайды жеткізу перспективалары талқыланды.

Қазақстандық дипломаттардың Хайфа қаласындағы мұнай өңдеу зауытына сапары барысында Бас директор бастаған «Bazan group» тобының басшылығы зауыттың презентациясын ұсынды және қазақстандық серіктестермен ынтымақтастыққа қанағаттанушылық білдірді.

Елші израильдік компанияларды 2020 жылы 28-30 сәуірде Ақтау қаласында өтетін 2-ші «Caspian Ports & Shipping 2020» халықаралық көрмесі мен конференциясына қатысуға шақырды.

Белгілі Bermad су компаниясына сапар барысында Бас директор Хаггай Аразимен Қазақстанда су ресурстарын басқару және су үнемдеу саласындағы қосымша жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда Бермад Шымкент пен Қарағандыда өзін жақсы жағынан көрсете білді. Олар атқарған жұмыстар айтарлықтай энергия үнемдеуге, өткізу қабілетін жақсартуға және сумен жабдықтау жүйелеріндегі ағып кетулер мен жылжулардың санын азайтуға мүмкіндік берді.

Odis компаниясының кеңсесінде маркетинг директоры Сари Эли жобаларының тұсаукесерін өткізіп, Қазақстан тарапына Әзербайжан нарығындағы жұмыс тәжірибесін ескере отырып, қазақстандық су тазалау нарығына шығу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Odis суды және ағынды суларды тазарту жүйелерін әзірлеу, жобалау және салу саласындағы әлемдегі жетекші компаниялардың бірі болып табылады.