Платформа өкілдері жіберіліп жатқан ақпаратты қорғауға көп көңіл бөлетінін атап өтті. WhatsApp арқылы жіберілген хабарламаның бәрі алмаспайтын шифрлармен қорғалған. Бұл шифрлар - жазбаңызды хакерлер мен алаяқтардан қорғайтын цифрлық құлыптың бір түрі.
«Хабарлама тек сіздің телефоныңызда сақталады, оны үшінші адам оқи алмайды. Қоңырауларыңызды ешкім тыңдай алмайды, тіпті, біз де. Сіздің жазбаңыз өзіңіз бен әңгімелесушінің арасында қалады», - деп жазылған WhatsApp блогында.