Іс-шараның бірінші сессиясында сөз сөйлеген Е.Ашықбаев интернеттегі террористік идеологияның таралуына қарсы Қазақстанның күш-жігері туралы, сондай-ақ еліміздің ЕҚЫҰ шеңберіндегі терроризмге қарсы әрекеттерге қолдауы туралы айтты.
Қазақстан жүзеге асырған «Жусан» және «Русафа» гуманитарлық операцияларға әлем қауымдастығының қызығушылығын ескере отырып, Министрдің орынбасары ДАИШ отбасы мүшелерін реабилитация мен реинтеграциялауға (Rehabilitation and reintegration of ISIS Family Members) арналған сайд-ивентің негізгі спикері ретінде сөз сөйлеп, ол азаматтарды террористік әрекет аумақтарынан қайтарумен, балаларды құжаттандырудан бастап, оралғандармен жұмыс істеудің ең жақсы тәжірибелерін тартуға байланысты туындаған проблемалар мен қиындықтарға тоқталып өтті. Үкіметтік емес секторды қайта әлеуметтендіру саласындағы қызметі ерекше атап өтілді.
Конференция аясында Е.Ашықбаев БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі және БҰҰ Терроризмге қарсы комитеті Атқарушы директоратының Атқарушы директоры Мишель Конинкспен кездесіп, сұхбат барысында терроризммен күрестегі ынтымақтастықтың одан әрі практикалық қадамдары, оның ішінде тәжірибе және озық машықтармен алмасу бойынша нақты жобалар мен іс-шаралар талқылады.