Maveric құрылымы жолаушылар салоны, қанат және жанармай бөлігінен тұрады. Екі моторы жаңағы ерекше қанаттардың үстіне орналасқан. Бұл конструкторлық шешім жанармайды 20 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Салоны іші кеңіп жолаушылар орындығының арасы басқалардға қарағанда алшақ және көсіліп аяқ созуға болатын көрінеді.
Дегенмен, ұшақтың кемшін тұстары да бар екен. Шет жағында отыратын жолаушыларды қатты шайқайтындықтан мұндай әуе кемесін басқару қиынға түседі. Салондағы иллюминатор қойылмай, оның орнына видеоэкран тұруы ықтимал. Қалай болғанда да Airbus концернінің арқасында ұшақ жасау индустриясында жаңа леппен жаңа бағыт пайда болды. Оның іске асуы тек уақыт еншісінде.