Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы Нұр Сұлтан мен Алматыда Абайдың 175 жылдығы мен әл-Фарабидің 1150 жылдығын Қазақстанда бастау үшін ресми рәсімдер өткізілгенін атап өтті.
«Атап айтсақ, 21 қаңтарда «Астана Опера» театрында Елбасының қатысуымен Абайдың 175 жылдық мерекесі ашылды. Сондай-ақ 29 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық ұйымдардың, отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеудің ресми ашылу рәсімі өтті», - деді Қырымбек Көшербаев.