Қазақстан • 13 Ақпан, 2020

171 Қазақстан азаматы Қытайдан эвакуацияланды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін таңертеңгі сағат 7-де Алматыға Бейжіңнен 211 жолаушы бар рейс келді, оның ішінде 171-і қазақстандық және 40 жолаушы Қырғызстан азаматтары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

171 Қазақстан азаматы Қытайдан эвакуацияланды

Қазақстанның 171  азаматы инфекциялық бақылаудың барлық талаптарына сәйкес Алматыдағы көп салалы клиникалық ауруханаға жатқызылды.

Қырғызстанның 40 азаматы Бішкекке жеткізілді.

3 күн бойы жолаушылар ауруханада болады. Ол жерде кешенді медициналық тексеруден өтуге және коронавирусті тексеруге SARS-ке зертханалық зерттеулер жүргізіледі. 

Сонымен қатар, медициналық көрсетілімдеріне байланысты госпитализация мерзімі ұзартылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта келгендердің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдар жоқ.