2013 жылғы 2 мамыр, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі №367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 203-қү-жат) мынадай өзгерістер енгізілсін.
1) көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің тізбесінде:
«Электротехникалық, радиотехникалық, электронды бұйымдар» деген 4-бөлімде:
«КО СЭҚ ТН коды» деген бағанда:
мына:
«851640 Электр өтектер»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«8516 40 000 0 Электр үтіктер»;
мына:
«8516 31 Электр шаш кептіргіштер (фендер),
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
8516 31 000 0 Шаш кептіргіштер (фендер)»;
«9504 30 200 0» деген сандар «9504 30 200» деген сандармен ауыстырылсын»;
«Мемлекеттік құпияларды және қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қорғаудың, өңдеудің, сақтаудың және берудің техникалық құралдары, сондай-ақ арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін қамтамасыз етуге арналған аппараттық және/немесе бағдарламалық құралдарды қамтитын телекоммуникация желілерінің жабдығы» деген 6-бөлімде:
«КО СЭҚ ТН коды» деген бағанда:
«8517 62 000 1-ден» деген жол алынып тасталсын;
«Адамның терісімен, тамақпен және сумен жанасатын халық тұтынатын тауарлар» деген 9-бөлімде:
«КО СЭҚ ТН коды» деген бағанда:
«9619 0 110 0» деген сандар «9619 00 110 0» деген сандармен ауыстырылсын;
«969 00 190 0,» деген сандар «9619 00 190 0» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ықтимал қауіпті өндірістерге арналған бұйымдар» деген 21-бөлімде:
«КО СЭҚ ТН коды» деген бағанда:
«7304 29 100 4» деген сандар алынып тасталсын;
«7304 39 300 0» деген сандар алынып тасталсын;
«8425 31 000 0» деген сандар «8425 31 000» деген сандармен ауыстырылсын;
«8419 50 000 0» деген сандар «8419 50 000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Темір жол саласының өнімдері» деген 22-бөлімде:
«КО СЭҚ ТН коды» деген бағанда:
«8607 19 0 10» деген сандар «8607 19 100» деген сандармен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген сәйкестік туралы декларациямен сәйкестігін растауға рұқсат етілетін өнімдердің тізбесінде:
«Медициналық бұйымдар» деген 2-бөлім алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.