14 ақпан күні Маңғыстау облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ауа райына байланысты болжамның дәлдігі 90-95%. Қостанай облысының кей жерлерінде 14 ақпанда жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде секундына 18 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.
Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Орал қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда облысының бірқатар аумақтарында көктайғақ болып, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 жылдамдықпен жел соғады.