Президент • 13 Ақпан, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ведомстволардың және құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен өткен жиында Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты алдын алу және ақпараттық жұмыстар жөніндегі мәселелер қарастырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстан Президенті жалған ақпарат тарату және арандату сипатындағы кез келген әрекеттің жолын кесіп, ақпараттық кеңістіктегі жұмыстарды күшейтуді талап етті.