2013 жылғы 19 наурыз, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының
аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы №238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 10, 128-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттары.
Р/с
№ Посттың атауы Облыстың немесе қаланың атауы Автожолдың атауы
1 2 3 4
1. Бурабай Ақмола Астана - Петропавл, 253 км
2. Еркін Алматы Алматы - Өскемен, 270 км
3. Қарабұтақ Ақтөбе Самара - Шымкент, 965 км
4. Қобда Ақтөбе Орал - Ақтөбе, 618 км
5. Семей Шығыс Қазақстан Омбы - Майқапшағай, 757 км
6. Ақжайық Батыс Қазақстан Орал - Атырау, 126 км
7. Молодежный Қарағанды Қызылорда - Павлодар - Успенка -Ресей Федерациясының шекарасы, 1066 км
8. Жезқазған Қарағанды Қызылорда - Павлодар - Успенка -Ресей Федерациясының шекарасы, 426 км
9. Қарабалық Қостанай Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, 422 км
10. Ақтай Қызылорда Қызылорда - Павлодар - Успенка -Ресей Федерациясының шекарасы, 10 км
11. Бейнеу Маңғыстау Доссор - Қүлсары - Бейнеу - Сай -Өтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау порты, 844 км
12. Ленинский Павлодар Қызылорда - Павлодар - Успенка -Ресей Федерациясының шекарасы, 1364 км
13. Мамлютка Солтүстік Қазақстан Челябинск - Новосибирск, 496 км
14. Шақпақ Баба Оңтүстік Қазақстан Алматы - Ташкент, 594 км
15. Қызыл Жар Астана қаласы Екатеринбург - Алматы, 1281 км
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.