10 Тамыз, 2013

Алматыда «Правда Казахстана» газетінің таралымы тәркіленді

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Судебное решение-1

Алматы арнайы ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен «Правда Казахстана» газетінің таралымы тәркіленді. Бұл туралы «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорынан хабарлады.

«9 тамызда Алматы қаласы арнайы ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ғалым Келдібаев «Правда Казахстана» газетінің бас редакторы Шәріп Құрақбаев пен басылымның иесі – Қазақстан компартиясын ҚР Әкімшілік істері кодексінің 350-бабы 1-бөлігі бойынша «шығарылу мәліметтерін жариялау тәртібін бұзу» деген айыптады», - делінген қордың хабарламасында.

Бұған басты себеп, газет таралымы шығару мәліметтерінде көрсетілгендей, 8 мың емес, 7 мың дана болып шыққан.

«Таралым тәркіленіп алынды, ал бас редактор мен партия тиісінше 5 және 20 ең төменгі айлық мөлшеріндегі айыппұлға тартылды», - түсіндіреді парақша.

Сот отырысы барысында Ш.Құрақбаев таралымның өзгертіліп көрсетілуіне адам факторы әсер еткенін мәлімдеді: редакция 3 ай бойы жұмыссыз тұрғаннан кейін қатарғ жаңа қызметкерлер алуға мәжбүр болған, солар таралым мәліметін өзгертуді ұмытып кеткен. Алайда, сот бұл уәжді қаперге алмады.

Хабарламада әкімшілік өндірістің Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының шағымы бойынша қозғалғаны айтылған.

Сәкен Майлыбай.