10 Тамыз, 2013

Ақмола шенеуніктері бағасы 4 есе қымбат отын сатып алмақ болған

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ГСМ-1

Ақмола облысының қаржы полицейлері бағасы бірнеше есе қымбат жанар-жағар майды сатып алмақ болған шенеуніктердің жолын кесті. Бұл туралы облыстық қаржы полициясының аға инспекторы Ольга Тиссеннің сөзіне сүйенген «24» телеарнасы хабарлады.

Басында «Сандықтау» ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік басқармасы тоннасын 440 мың теңгеден Аи-92бензинін сатып алуға конкурс жариялайды. Табиғи бәсекелестікті реттеу агенттігінің мәліметі бойынша, бұл кезде аталмыш майдың бір тоннасы 148 мың теңге тұрған. Мекеме жалпы сомасы 1млрд. 672 млн. теңгеге 3 800 тонна отын сатып алмақшы болған. «Осылайша 1 млрд. теңгеге жуық бюджет қаржысын талан-тараж ету алдын ала жоспарланған», дейді Ольга Тиссен.

Сұлтан Бозайғыр.