12 ақпан күні Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі әскери стратегиялық орталыққа барды. Ол Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға бағытталады. Орталық 2018 жылдың қорытындысы бойынша Еуразияның жетекші орталықтарының қатарында 17 орынды иеленді, Қазақстан Республикасының Ұлттық сараптама комиссиясының бағалауы бойынша «2018 жылдың Қазақстандағы үздік кәсіпорны» аталымына ие болды. Қазіргі таңда Орталық 16 орында.
Орталықтың жұмыс атқаруды бастағаннан бері 100-ден астам ғылыми-зерттеу тәжірибелік-құрылымдық жұмыстар, нормативтік-құқықтық актілердің 6 жобасы (Президент жарлықтары, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті үшін 26 оқу құралы, 41 әскери стандарттар дайындалды.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери-ғылыми қызметіне қатысты сұрақтар бойынша жиналыс өткізіп, 2020 жылға арналған «ҰӘСЗО» АҚ-ның президенті Қозы-Көрпеш Қарбозовтың баяндамасын тыңдады.
«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» әскери қауіпсіздік саласында талдау мен стратегиялық зерттеулердің маңызды бөлшегі болып табылады. Зерттеушілер әскери қауіпсіздік мәселелерін экономикалық, ақпараттық және басқа да аспектілермен бірге кешенді зерттеуге мүмкіндігі бар», атап өтті ведомство басшысы.
Бұдан өзге, министр ҚМ құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл тетіктерін орнатуға қатысты бірқатар тапсырма берді.