10 Тамыз, 2013

Қостанайдағы әскери бөлімде қысқа мерзімді қызмет жауынгері қайтыс болды

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Воинская часть-4

Үстіміздегі жылғы 8 тамыз күні түнде Қостанай қаласының іргесіндегі Киев кентінде орналасқан 66/97 әскери бөлімде қысқа мерзімді қызмет жауынгері Мирбек Бәкіров қайтыс болды. Бұл туралы «Наша газета» хабарлады.

Солдат өлімінің себебі әзірге белгісіз. Ол әскерге Орал қаласынан шақырылған болып шықты.

-Түнгі 22:00 сағатта солдаттар ұйықтауға жатты. Ал 22:45-те рота кезекшісі әскери қызметкердің қалшылдап жатқанын көреді. Дереу дәрігер шақырттық. Ол келе сала алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сонымен бір мезгілде, «жедел жәрдем» де жетті. Бірақ солдатты құтқарып қалудың орайы келмеді. Дәрігерлер 23-30-да оның өліп кеткенін тіркеді, - деп түсіндірді бұл жағдайды бөлім командирі Бақтияр Қуатов.

Қостанай гарнизонының прокуроры Дархан Ержанов «НГ» газетіне қазіргі кезде тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп, казармадағы барлық жауынгерлерден жауап алынып жатқанын айтты.

«Өлімнің себебін біз тек сот-медициналық сараптамасынан кейін ғана айта аламыз», деді ол.

Ал бүгін, 10 тамыз күні әскери бөлімге қайтыс болған солдаттың ата-анасы ұшақпен ұшып келеді.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар