Кездесуге Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Серік Сәпиев және спортшының әкесі Байтақ Тұрсынбаев қатысты.
Министр өз кезегінде Элизабетке жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, еліміздің абыройын байрақты бәсекелерде лайықты қорғап жүргеніне алғыс айтты. Сондай-ақ алдағы додаларға сәттілік тіледі.