Соңғы ойында жерлестеріміз сыртта Красноярскінің «Сокол» клубына 1:2 есебімен есе жіберген еді. Десек те соның алдындағы кездесулерде жиған ұпайлар саны «Сарыарқа» үшін Петров кубогы үшін таласуға жеткілікті болды. Қазіргі кезде қарағандылықтар тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде алтыншы орында келеді. Олар 52 матчтан кейін 67 ұпай жиып отыр.
Ал сыртта Түменнің «Рубинінен» 2:3 есебімен ұтылған Өскеменнің «Торпедосы» өз жағдайларын қиындатып алды. Енді олардың плей-оффқа шығуы қиындай түсті.