10 Тамыз, 2013

Қазақстанда 2454 қала мен ауыл әкімдері сайланды

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Выборы-2

Қазақстанда тамыз айының 5-i мен 9-ы аралығында ҚР аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауылдық округ құрамына кiрмейтiн кенттер мен ауылдардың әкiмiн сайлау науқаны өтті. Оларда 2454 әкiм сайланды. Бұл туралы бүгiн Президент жанындағы орталық сайлау комитеті баспасөз мәслихаты барысында төраға Қуандық Тұрғанқұлов хабарлады.

«Биыл 5-9 тамыз аралығында республиканың 14 облысында ҚР аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауылдық округ құрамына кiрмейтiн кентер мен ауылдардың 2457 әкiмнiң сайлауы өттi. Барлығы 2454 әкiм сайланды», - дедi ол.

Орталық сайлау комитетінің төрағасы сайлау науқаны барысында әкiмдiкке барлығы 7173 кандидаттың ұсынылып, 6738-i тiркелгенiн атап өттi.

«Дауыс беру бюллетеньдерiне 6403 кандидаттың аты-жөні енгiзiлдi. Орташа есеппен 1 әкiм лауазымына екiден аса үмiткер қатысты. Сайлауға республика бойынша дауыс берушілердің 98,3 пайызы қатысты. Сайланған әкiмдер корпусында 23 ұлттың өкiлi бар», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Комитет төрағасы әкімдік қызметке 280 әйелдің сайланғанын айтты. Бұл барлық сайланғандардың 11,4 пайызын құрайды. Осылайша Павлодар, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында әйел әкімдердің қатары 6 пайызға ұлғайды.

«Әкімдердің орта жасы – 47. Олардың арасындағы ең үокені 55-те. Тұтастай алғанда, әкімдер құрамы жасарды. Ең жас әкім Павлодар облысының Павлодар ауданындағы Жаңғар ауылдық округінде тіркелді. Ондағы жаңа әкімнің жасы 25-те», - деді комитет төрағасы.

Сәкен Майлыбай.