Кеше Қазақстанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша кешкі сағат 18:00 шамасында мессенджерде проблемалар пайда болды.
Қолданушылардың дені қосымшаны іске қосқан кезде желіге қосыла алмайды. Ал кейбірі хабарлама жібере алмай отыр.
Downdetector сервисі пайдаланушылардың 41 проценті желіге қосыла алмай отырғанын тіркеген. Ал 35 проценті хабарлама жолдау және алуда қиындық туындағанын, 21 проценті өз парақшаларына кіре алмай отырғанын хабарлаған.
Сол сияқты, Еуропа тұрғындары Мысыр, Кувейт, орталық америкалық Сальвадорда Telegram «құлағанын» мәлімдеген. Аталған әлеуметтік желі Қазақстан мен Ресейде де жұмыс істемей тұр.