Кәсіпқой бокс • 14 Ақпан, 2020

Кәсіпқой бокс: Садриддин Ахметовтің қарсыласы анықталды

1311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасып жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахметовтің қарсыласы анықталды.

Кәсіпқой бокс: Садриддин Ахметовтің қарсыласы анықталды

22 жастағы қазақ боксшысы 12 наурызда Канаданың Монреаль қаласында Марио Альберто Лосаномен күш сынасады. 32 жастағы Мексиканың спортшысы 2005 жылдан бері кәсіпқой рингте жұдырықтасып жүр. Сол кезден бері 43 жекпе-жек өткізіп, 33 рет жеңіске жетті. 24 қарсыласын нокаутпен ұтты.

Жастар буыны арасындағы жарыстарда жасындай жарқырап, әлем және құрлық біріншіліктерінде қарсылас шыдатпаған Садриддин Ахметов кәсіпқой рингте 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 10 бәсекені ол мерзімінен бұрын аяқтады.