10 Тамыз, 2013

Қызылордада әкесі баласын пышақтап өлтірді

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ножовщина-2

Қызылорда қаласында әке өз баласына пышақ салып өлтірді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі дерегіне сүйенген «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлады.

«Тамыз айының 7-сі күні облыстық медицина орталығының кезекші дәрігері жансақтау бөліміне ер азаматтың пышақ жарақатымен түсіп, жан тапсырғандығы жөнінде Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасына хабарласқан. Полиция қызметкерлері тексеру барысында ауруханаға түскен азаматтың облыс орталығының тұрғыны екенін анықтады», - делінген хабарламада.

Үстіміздегі жылғы 4 тамыз күні 1955 жылы туған әке мен 1977 жылы туған бала өзара жанжалдасып қалады. Ашуға булыққан әке баласын пышақпен ұрған. Осы жарақатымен ауруханаға түскен жәбірленуші көп ұзамай көз жұмған.

Қазіргі таңда күдікті әке ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мұрат Айтқожа.