Аймақтар • 14 Ақпан, 2020

Түркістан: 900-ден астам отбасыға 45 млн теңгенің көмегі көрсетілді

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының бастамасымен  өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды кедейлік деңгейден шығуға ұмтылдыратын «Қамқорлық» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Түркістан: 900-ден астам отбасыға 45 млн теңгенің көмегі көрсетілді

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев халыққа есеп беру кездесуінде бағдарлама аясында тиімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызметті дамытуға ерекше назар аударылатынын атап өтті. Тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етіп отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан кезең-кезеңмен шығару көзделуде.

«Аталған бағдарлама аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жағдайы тым төмен, кризистік және қанағаттанарлықсыз деңгейде өмір сүріп жатқан 1643 отбасы анықталып, олардың әрқайсысына материалдық көмек пен қажетті кеңес беретін арнайы кураторлар тағайындалған. Қазірдің өзінде бағдарлама басталғалы бері өмірлік қиын жағдайға тап болған 900-ден астам отбасыға  45 млн теңгенің демеушілік көмегі көрсетіліп, 4 отбасыға кәсіпкерлер тарапынан үй сатып алынды»,  деді облыс әкімі.

Сондай-ақ «Қамқорлық» бағдарламасы арқылы отбасы мүшелерін жұмысқа тұрғызу, оқыту сынды мәселелер аудан, қала әкімдерінің бақылауында болады.

 

Түркістан облысы