
Алматы облысында шетелдіктерді заңсыз жолмен жұмысқа тартып келген екі зауыт басқарушысы қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып BNews.kz тілшісі хабарлады.
«Алматы облысында екі кірпіш шығаратын зауытта шетелдік азаматтар заңсыз түрде жұмысқа тартылған. Ол зауыттар Алматы облысындағы Қарасай және Жамбыл аудандарында орналасқан, қазір олардың қызметі тергеуге байланысты тоқтатылды», - деді ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.
Оның хабарлауынша, полиция зауыттардың басқарушыларын, яғни жергілікті тұрғын болып табылатын екі адамды қолға түсірген.
«Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматтардың бірі 20 шетелдік адамды заңсыз жұмысқа тартса, екіншісі 3 адамды заңсыз жолмен жұмыс істеткен», - деді ол.
Сұлтан Бозайғыр.