10 Тамыз, 2013

Ақтаудың тұрғыны мәңгілік двигатель ойлап тапты

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Саттибай Дуйсенбаев

Ақтау қаласында тұратын өнертапқыш Сәттібай Дүйсенбаев өлшеусіз мөлшерде электр қуатын өндіріп беруге қабілетті мәңгілік двигательді ойлап тапқанын жариялап отыр. Бұл туралы «Тумба» интернет-порталы хабарлады.

Жаңа двигательдің жұмысы үшін мәшине майы болса жетіп жатыр.

«Двигатель екі қалақша орналасқан валдан құралған. Олар өздерінің жеке салмақтарының әсерінен қозғалады. Валда сондай-ақ беріліс қорапшасын айналдыратын шынжыр бекітілген шестернялар бар. Құрылғы ток өндіретін генераторға жалғанған», - деп суреттейді өнертапқыш өзінің бұйымын.

Мұратты жанның сөзіне қарағанда, мәңгі двигательдің жұмыс қағидаты кәдімгі мұнай айдайтын теңселме қауғалардың тірлігіне келіңкірейді екен.

Аппараттың шығыны да айтарлықтай аз. «Мен есептеп көрдім, оны дайындап шығу үшін 750 мың теңге ғана керек. Кейін мұны осының да жартысына істеп беруге уәде еткен кісілер табылды. Ал менің өзімде мұндай ақша жоқ. Өкінішті», - деді Дүйсенбаев.

Алайда, жергілікті билік мәңгілік мәшинені жасап шығуға көмекке келуге асығар емес. Өнертапқыштың ойын жүзеге асыруға ынтық демеушілер де көрініп тұрған жоқ.

Сұлтан Бозайғыр.