Регламент бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына: ҰОС мүгедектері мен қатысушылары және оған теңестірілген адамдар 1,2 және 3 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, кәмелет жасына толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады.
Сондай-ақ бұл топқа «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атанған, сондай-ақ I, II және III дәрежелі «Ана даңқы» ордендері мен марапатталған көпбалалы аналар, мемлекетті немес қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары, толық емес отбасылар, аз қамтылған отбасылар жатады.
Регламентке сәйкес квота бойынша жер учаскелерін бөлу рәсімі бірнеше кезеңнен тұрады. Бастапқы кезеңде квота бойынша бөлу үшін берілуі ықтимал жер учаскелерін қалыптастыру қажет. Осыған байланысты, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын Нұр-Сұлтан қаласының жеке кәсіпкерлерін сауда нысанын орнатуды жоспарлап отырған жер учаскелері бойынша (24 м2 аспау тиіс) ұсыныстар беруі шарт. Ұсыныстар еркін нысанда жіберіліп, келесі мәліметтерді қамтуы тиіс:
Құрылыстардың, объектілердің, көшелер қиылыстарына байланыстыра отырып, жер учаскесінің орналасқан жері немесе оның орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер;
жер учаскі схемасын www.genplan.saulet.astana.kz сайттаналуға не басқа интернет ресурстар;
көшелердің, объектілердің немесе құрылыстардыңқиылыстарына байланыстырылған жер дегі жер учаскесінің фотосуреттері.
Азаматтар келесі қызмет түрлерімен айналыса алады: стационарлы емес сауда-саттық, дайын өнімдерді сату, гүл павильондары, тамақ өнімдерін сату, техникалық сервистер объектісі, газет дүңгіршегі, кәдесый өнімдерін сату, тұрмыстық қызмет көрсету нысаны, балалардың бос уақытын ұйымдастыру, жалға беру пунктілері.
Өтінімдер 12 ақпаннан 13 наурызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:
Республика даңғылы, 24, «Парасат» БО, 2 қабат, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімі. Жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Байланыс телефоны: 8(7172) 91-90-84, d.mustafina@atameken.kz.