Референдум • Бүгін, 11:22

Маңғыстаудағы «Қазазот» қызметкерлері референдумда дауыс береді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстауда «Қазазот» АҚ еңбек ұжымы қызметкерлеріне жаңа Конституция негіздерін түсіндіру мақсатында жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстаудағы «Қазазот» қызметкерлері референдумда дауыс береді

Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағы Маңғыстау облыстық филиалының директоры Анар Шамшадинова, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Уайс Ерсайынұлы, Маңғыстау облыстық мәслихатының кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда қанша адам дауыс бере алады?

Жиында Конституцияға енгізілген жаңашыл өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланып, құжатта айқындалған негізгі бағыттар мен басты қағидаттарға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан реформалардың мемлекет пен қоғам дамуына ықпалы сөз болды. Осы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру үшін өңірлік коалиция құрылып, өз қызметін бастағаны хабарланды.

«Ауыл» партиясы Абай облыстық филиалы алдағы референдумды қолдайтынын білдірді

Кездесу барысында референдумның 15 наурыз күні өтетіні және ел болашағы үшін маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, Қазақстанның әрбір азаматының дауыс беруге заңды құқығы бар екені айтылды.

ыыы

Жиын соңында «ҚазАзот» АҚ  бас инженерінің орынбасары Дәуіржан Жұмабеков кәсіпорын ұжымы референдумға белсенді қатысатынын атап өтті.

Референдумның күнтізбелік жоспары бекітілді: Дауыс беру 15 наурызда өтеді

«Қазіргі таңда жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер еліміздің болашағына зор үлес береді. Парламенттің Құрылтай боп өзгеруі де оң шешім деп есептеймін. Елдегі барлық мәселелер осы Құрылтай барысында шешімін тапқан. Сондай-ақ жаңа Конституцияда тек шикізатқа байланысты емес, адами фактордың, яғни олардың білім алуы мен дамуына көп әсерін тигізетініне кәміл сенемін. Осы ретте «ҚазАзот» акционерлік қоғамының қызметкерлері референдумға белсенді қатысады», деді Дәуіржан Жұмабеков.

Соңғы жаңалықтар