Алғашқы күні ерлер арасында 5 000, әйелдер арасында 3 000 метр жекелеген және командалық спринт жарысы өтті. Жекелеген сында спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсете алған жоқ.
Ал командалық спринтте Р. Креч, С. Палкин, А. Кленко, А. Галиев квартеті 1:20,39 уақыт көрсеткішімен 6-орын алды. Негізі бұл сында Канада құрамасы топ жарған еді. Алайда үйеңкі жапырақты елдің өкілдері ережеге сай емес ауысым жасағаны үшін нәтижесі жойылды. Осылайша, алтын жүлде - Нидерланды, күміс - Қытай, қола - Норвегия құрамасына бұйырды.
Айта кетейік, әлем біріншілігі 17 ақпанға дейін созылады.