11 Тамыз, 2013

Қазақстан палуандары Циолковски турнирін сәтсіз бастады

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Борьба-Турнир Циолковский

Польшада кеше мәреден шыққан Циолковски мемориалының бірінші күнінде Қазақстаннан барған палуандардың барлығы біірнші айналымды жеңіліспен бастады. Бұл туралы Kazakhstan Wrestling Online сайтына сілтеме жасағанSports.kz хабарлады.

«Бүгін қазақстандық спортшылар 74 және 96 килоға дейінгі салмақтарда кілемге шығады. Біздің елдің намысын қорғайтын 74 килода Бауыржан Ізбасар мен Жігер Зәкіров бірінші айналымда өзара кездеседі. Ал Дастан Балабеков әзербайжан палуанымен белдеседі. 96 килодағы Әлихан Жұмаев Румыния өкілімен күш сынасса, Таймураз Тигиев испанмен, ал Ералы Әбдірашев Латвия саңлағымен тіреседі», - делінген хабарламада.

Дамир Қожамқұл.