Қоғам • 14 Ақпан, 2020

Елорда әкімі қаланы су тасқынынан қорғайтын су реттегіштің жұмысымен танысты

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімі Алтай Көлгінов қала мен шеткері аймақтарды су тасқынынан қорғайтын су реттегіштің жұмысымен танысты. Сапар барысында әкімге гидротехникалық құрылыстардың дайындығы мен Астана су қоймасының жағдайы туралы баяндалды. Тасқын суларды қабылдау мен өткізуге қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елорда әкімі қаланы су тасқынынан қорғайтын су реттегіштің жұмысымен танысты

Алтай Көлгінов су реттегіштің жағдайына үнемі мониторинг жүргізіп, су тасқынына қарсы жағдайды бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Елорда әкімі су тасқынына қарсы іс-шаралардың кешенді жоспарын бекітті, штаб құрылды. Көктемде су тасқынын болдырмау, арық-лотоктық желілерді және нөсер-канализация жүйелерін тазалау бойынша жоспар бекітілді.

Қысқы кезеңде 3,7 млн текше метрге жуық қар шығарылды (300 мың рейс), бұл өткен қыстың осындай кезеңімен салыстырғанда 50% - ға артық. Камаздар күніне 2,5 мың рейс жасайды. Күн сайын қаланы қардан 2 мың бірлік техника мен 1,5 мыңнан астам жол жұмысшылары тазалап жатыр. Боран және қалың қар жауған кезде ұйымдардың қосымша арнайы техникасы қар тазалау жұмыстарына тартылады.