Шара ұлттық өнерді насихаттау мақсатында және Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіледі. Өнер ұжымы 17 ақпанда «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында өнер көрсетеді.
«Қорқыт» дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек осындай концерттің ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалыққа лайық екендігіне сенімді: музыканттар Қазақстанда алғаш рет non-stop режімінде музыкалық шығармаларды кідіріссіз, бір деммен жатқа ойнайды.