Бүгінгі күннің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер әмбебап болуы, яғни өзі қызмет ететін саламен ғана шектелмей, ағымдағы жағдайды және ақпаратты толық игеруі, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын білуі, халықтың сұраныстарын барынша тез және сапалы қанағаттандыруы тиіс. Осы ретте, мемлекеттік қызмет істері департаменті Мемлекеттік басқару академиясының филиалымен және облыс әкімдігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың басынан мемлекеттік қызметшілердің кәсіби бағдарлануын арттыруға бағытталған жобаны бастады.Жобаға шартты түрде «Басқарушылардың филиалдағы бір күні» атауы берілді. Жобаның мәні – филиал тыңдаушыларын негізгі мемлекеттік бағдарламалармен, стратегиялық жоспарлармен, облыстағы ағымдағы жағдаймен таныстыратын, алдағы уақыттағы жоспарлармен бөлісетін әр саладағы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын дәріс оқушылар ретінде тарту арқылы мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігін кеңейту және тұрғындармен кері байланыс орнатуға үйрету. Жалпы жоба бірінші күннен бастап нәтижелі болатындығын көрсетті. Жобаның ашылуы және алғашқы дәрістер өткен ағымдағы жылдың 6 ақпанында оқытуға қатысқан филиал тыңдаушылары департаменттің бұл идеясына оң бағаларын берді, дәріс оқушылармен белсенді әңгіме-дүкен құрды және өз сұрақтарын қойды. Жобаның бірінші күні дәрісті облыстық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, білім, тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық және энергетика, мемлекеттік сатып алулар, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармаларының өкілдері өткізді. Бүгінгі күні филиалда жүзден астам мемлекеттік қызметші білімдерін шыңдауда. Жыл соңына дейін оқумен жергілікті атқарушы органдардың 700-ден астам тыңдаушысын қамту жоспарлануда, бұл облыс қызметшілерінің 30% жуығы.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев мемлекеттік органдар алдына азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру бойынша міндет қойды.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32