Аймақтар • 15 Ақпан, 2020

Алматы қаласындағы киелі жерлерді 2ГИС-тен табуға болады

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде «Қазақстанның қасиетті географиясы» арнайы жобасы аясында «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты мен 2ГИС компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Алматы қаласындағы киелі жерлерді 2ГИС-тен табуға болады

Келісім шарт мақсаты - қала тұрғындары мен қонақтары үшін үстемеде көрсетілетін қасиетті жерлерді оңай табуға, қиындықсыз жетуге оңтайлы ету. Сонымен қатар, олардың ішінде Алматының мәдени мұра ескерткіштері, тарихи және қаланың маңызды көрнекті орындары көрсетілген.

меморандум

Бұл ынтымақтастық, тұрғындарға Алматы қаласының қасиетті жерлерімен танысуға кең мүмкіндік береді. Оңтүстік астананың қасиетті нысандары «2ГИС Алматы» қосымшасында «Қызықты орындар» бөлімінде пайда болмақ.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше