Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» офисі мамандары әдеби кештің негізгі мақсаты - адамзатты өзінің үлгісімен шабыттандыратын шынайы көшбасшының әлеуетін жүзеге асыруға ықпал ететін, Абайдың рухани мұрасының мәнін терең түсіну екендігін айтады. Іс-шараның басты міндеттері - жастардың санасында Абаймен насихатталатын жоғары адамгершілік құндылықтарды нығайту. Кештің аясында «Жүрек тілімен» ертегілер қойылымында студенттер мен балалар философиялық ой толғауын поэзиямен біріктіре отырып, Абайдың әндері мен өлеңдерін орындады.
Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мәліметтері бойынша, еріктілер М. О. Әуезовтың «Абай Жолы» атты атақты романы бойынша өздерінің сахналық қойылымын ұсынды. Негізгі назар балалардың өзін-өзі тану және тұтас эмоционалды сферасын дамыту үшін кең мүмкіндіктер ашатын шығармашылық әлеуетін анықтауға аударылды. «Мейірім» клуб мүшелері өздерінің шабыттанған шығармашылық өнерлерімен балалардың жаны мен жүрегіне ене білді және бүлдіршіндердің жарқын болашаққа деген үміттері мен ізгілікті сезімдерін оятуға ықпалын тигізді. «Жүрек тілімен» поэзия кеші оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтардың маңыздылығын көрсетті. Соңында іс-шараға қатысушылар осы тамаша акцияның өту сәтінде сезінген жағымды әсерлерін бір-бірімен бөлісті.
АЛМАТЫ