11 Тамыз, 2013

Марсқа қайтпас сапарға баруға 100 мың адам тілек білдірді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Планета Марс-1

Голландиялық инициаторлардың Mars One жобасы бойынша Марс планетасына қайтпас сапарға аттануға тілек білдіріп, арыз жазғандардың саны қазірдің өзінде 100 мың адамға жетті. Бұл туралы CNN арнасы хабарлады.

Mars One жобасы Марсқа енді Жерге қайтып келмейтін экспедиция ұйымдастыруды көздейді. Экспедиция мүшесі болғысы келетіндерді іріктеуге арналған ресми орын биылғы сәуір айында ашылды.

Жобаны жасаушылар «қызыл планетаны» жаулап алу 2022 жылы бастауды жоспарлап отыр. Осыған дейін, 2015 жылдың шілдесіне қарай алғашқы 24 үміткер іріктеліп алынады деп күтілуде. Олар бұдан кейінгі 7 жыл бойы ұшу сапарына дайындалады. Әр ұшу кемесіне 4 адамнан отырғызылады.

Мұрат Айтқожа.