11 Тамыз, 2013

Сирияда үкімет әскері шабуылынан 30-дан астам адам қаза тапты

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сирия-2

Сирияның Латакия провинциясы мен Ракка қаласында Үкімет әскерінің әуе шабуылынан 30-дан астам адам қаза тапты.Бұл туралы ИТРА-ТАСС хабарлады.

Қаза болғандар қатарындае 7 бала бар. Тәртіп сақшыларының айтуынша, соққы «Ирак пен Леванттың исламшыл мемлекеті» атты топтың жауынгерлеріне бағытталған. Олар Ракка қаласының басым бөлігін уысында ұстап отыр. Сондай-ақ, Латакияның бір бөлігін де жаулап алған. Бұл провинцияда негізінен Башар Асад режимін қолдаушылар тұрады. Әлі күнге дейін жалғасып жатқан қырғында Үкімет әскері басып алынған елді мекендерді қайтарып алуды көздеп отыр.

Қайрат Қожаназар.