11 Тамыз, 2013

Иракта 9 жарылыста 60 адам қаза тауып, 200 адам жарақат алды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ирак-2

Рамазан айы аяқталатын кезде Иракта қанды оқиғалар көбейіп кетті. Бұл туралы «Еуроньюс» телеарнасы хабарлады.

Кеше, сенбі күні елдің астанасы – Бағдат қаласында 8 теракт жасалып, 50 шақты адам қаза тапқан. Ирак астанасының шиитер көп орналасқан аймақтарында бір мезетте әр жерде жарылыс болған.

АФП агенттігінің хабарлауынша, тек ораза кезінде 800-ден астам адам лаңкестіктен көз жұмған.

Сонымен бірге, Ирактың солтүстігіндегі Туз Хурмату қаласында жарылғыш қойылған көліктің күлі көкке ұшып, 10 адам оқиға орнында қаза тауып, 25 тұрғын жарақат алған.

Мұрат Айтқожа.