Енді Өзбекстандағы бас қалаларға бара қалсаңыз, граффитимен, ұлттық нақышта безендірілген суреттерді көріп таңқалмаңыз!
Үш айдың ішінде көшелерде тегін суретшілер, музыканттар, қолөнершілер және басқа да шығармашылық қызметкерлер жұмыс істей алатын арнайы аймақтар құрылады. Өзбекстанда граффитиге арнайы бөлінген жерлер де рұқсат етіледі.
Өзбекстан президентінің «Өзбекстан республикасында туристік қызмет көрсетуді дамыту және әртараптандыруды» міндеттейтін қаулысында осындай баптар бар.
Енді жаңа тәртіпке сәйкес, барлық кескіндер ұлттық нақыштан алыстап кетпеу керек. Енді алдағы бірер айда туристік орындарға апаратын көшелер безендіріліп, әр ауданда кем дегенде бір осындай көше пайда болады. Алдағы үш айда кәсіпқой суретшілер, әншілер мен қолөнершілердің алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін арнайы аймақтар жасақталады. Арнайы бөлінген аймаққа келіп жұмыс істеуге ешқандай рұхсатнамалық құжаттың қажеті жоқ. Тек ықылас болса болғаны.
Мәдениет және шығармашылық саласындағы білім беру ұйымдарының студенттері туристік көшелерде жұмыс істеу құқығына ие болады. Көшеде граффити құру 2020 жылдың тамызына дейін жоспарланып отыр. Оған Қарақалпақстанның Министрлер кеңесі, облыс және Ташкент әкімшілігі, Өзбекстанның Жастар одағы және Туризм бойынша мемлекеттік комитет жауапты болады.