11 Тамыз, 2013

4 жастағы бала қала мэрі болып қайта сайланды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бобби Тафтста

Жасы 4-тегі Бобби Тафтса АҚШ-тың Миннесота штатындағы Досет атты шағын қаланың мэрі болып сайланды. Бұл туралы бүгін Planeta-Novosti.At.UA хабарлады.

Дорсет – үкіметтің ресми есебінде жоқ қала. Демек, оның мэрі де шын мәнінде ресми уәкілдікке ие емес. Ол тіркелген күнінен бастап-ақ ондай құқыққа ие бола алмайды.

Қазіргі таңда бұл шағын аумақта 28 адам тұрып жатыр.

Мұнда дауыс беру құқығы жас балаларға да оп-оңай беріле салады. Ал Тафтста қалашық мэрі деген мәртебеге таласушы жалғыз бала болған жоқ. Бұл жерде бұдан бірнеше жыл бұрын мэрлікке таласушы кандидаттардың арасында тіпті ит те болыпты.

Сайлау кезінде қалашықтағы сайлаушылардың қанша рет айналып келіп дауыс беремін десе де құқықтары бар. Тек әрбір келгендерінде 1 доллардан ақша төлеп тұрады. Содан кейін ғана бюллетеньді жәшікке сала алады.

Осылайша қалашықтың келесі жолғы мэрі кім болатыны анықталады. Ешқандай уәкілеттігі, соған орай ешбір жауапкершілігі жоқ қала басшысы лауазымын Тафтса осымен қатарынан екінші рет жеңіп алып отыр.

Ал сайлау жыл сайын өткізіліп тұрады.

Мұрат Айтқожа.