Қаржы • 16 Ақпан, 2020

Ұлттық банк 2020 жылы 26 тонна алтын сатып алады

372 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бұл жаңалық емес, әлемдік қаржы жүйесі кез келген уақытта қаржы секторы мен экономикасының қуатын арттыру үшін осындай қадамға барады. Сондықтан әлемдік қаржы реттеуіштерінің ізімен  Ұлттық банк алтын қорын ұлғайтуды жалғастырып жатыр.

Ұлттық банк 2020 жылы 26 тонна алтын сатып алады

Егер жаһандық көзқараспен қарайтын болсақ, бұл бағалы метал түріне инвесторлардың және әлемнің орталық банктерінен де сұраныс бар. Соңғы жылдары АҚШ-тан бастап, біраз елдер  өз алтын қорын айтарлықтай арттырып алған. Мұның Ұлттық банкке де қатысы бар. Егер 2007 жылғы дерекке көз жүгіртер болсақ, ол сәтте біздің реттеушімізде 56-57 тонна алтын болатын. Қазір шамамен 260-300 тонна алтын бар.

Бірақ, бұл тарапта алтынға деген сұраныс та оның бағасына да бағынышты. 2007 жылы алтынның троя унциясы $650 дейін жетті. Ал қазір бұл көрсеткіш 1280-ді құрайды. Шарықтау шегіне 2011 жылы жетті. Бұл кезде бағалы метал құны $1900 көрсетті. 2015 жылы оның құны $1000-ға  дейін арзандап кетті. Өзге активтер тәрізді оның бағасы төмендеуі де, жоғарылауы да әбден мүмкін. Бұл тарапта акциялар мен шетел валютасына да қатысы бар.

Сарапшылардың айтуынша, алтын осы жылдың басты активіне айналады. Ұлттық банк әлемдік экономикалық тұрақсыздығы себебінен алтынның қорын көбейтіп отыр.

Сарапшылар Ұлттық банк бұл  шешімді  еліміздің қаржы секторының қорғаныс активін күшейту үшін қабылдағанын айтады.  Қазақстан алтын-валюта резервтеріндегі алтынның үлесі 50% -дан асатын жеті елдің бірі. Қазақстанның Ұлттық банкі 2020 жылы 26 тоннадан астам алтын сатып алатынын  ақпан айының басында хабарлаған болатын. 

Қазақстандағы EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясының талдаушысы Андрей Чеботарев, инвестициялаудың мұндай құралы біздің елімізге әлемдік экономикада дамып жатқан тұрақсыз экономикалық жағдайдың салдарын жеңілдетуге көмектесе ме деген тақырыпта қазақстандық журналистермен ой бөлісті.

 «Ресейдегі немесе Испаниядағыдан гөрі таза алтынның аз екендігі түсінікті, бірақ олардың алтын-валюта резервіндегі үлесі 50% -дан аз. Бізде одан да көп. Ал Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы екі жылда осындай саясатты ұстанып келеді. Сонымен қатар өткен жылдың өзінде ғана еліміздің алтын-валюта резервтеріндегі алтынның үлесі 31% -ға артты және 65,1% немесе 19 млрд долларды құрайды. Яғни, Қазақстан бұл дәстүрді ұстанады және алтын сатып алады. Менің ойымша, мұндай жағдайда бұл дұрыс», - деп санайды сарапшы.

Сондай-ақ сарапшы, әлемдік экономика 12 жыл ішінде оң қарқынмен дамып келе жатқанын және бұл экономикалық бақылау тарихындағы ең ұзақ өсу кезеңі екенін атап өтті.

«Бірақ экономика циклді болып есептеледі және құлдырау мен дағдарыстар әрқашан ерте ме, кеш пе, бәрібір болады. Дәлірек айтсақ, өткен жылдан бастап барлығы жаңа жаһандық дағдарысты күтіп отыр» дейді спикер.

2019 жыл дағдарыстың қауіпі сейілмей, тұманданып кетуімен есте қалды.  «Тіпті АҚШ экономикасы бүкіл әлемдік дағдарыстың алдыңғы шебінде  тұр» дегенді аса сақ сарапшылардың өзі қорықпай айта бастады сол кезде. Ал ақпарат құралдары болса әлемнің қор биржаларында көбіктер жарыла бастады дегенді бірінен соң бірі көшіріп, жариялауға асықты.   «Сонымен қатар қазір барлығы коронавирус туралы айтады. Себебі SARS вирусының таралуы 2003 жылдан бастап Қытай өте маңызды әлемдік экономикаға айналды. Кейбір есептеулер бойынша Қытай әлем экономикасы бойынша №1, ал басқалары бойынша бұл АҚШ-тан кейінгі екінші орын. Бірақ кез-келген жағдайда, бұл бүкіл әлемнің экономикасына қатты әсер етеді. Егер оның экономикасы құлдыраса, онда бәрі де құлдырайды. Мұның бәрі дағдарыстың мүмкін болатындығын білдіреді. Бұл былтыр, мүмкін биыл немесе келесі жылы болуы мүмкін» дейді Андрей Чеботарев.

Сонымен бірге, спикер егер коронавирус әлемді құлдырауға бағыттаса, оның әсері шектеулі болатынын атап өтті. Вирус ерте ме, кеш пе, жеңіліп, экономика тез қарқынмен қалпына келетіні анық, сондықтан салдары АҚШ ипотекалық нарығында дағдарыс басталған кезде 2008-2009 жылдарға қарағанда әлдеқайда әлсіз болады.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын қорын ұлғайту туралы айтатын болсақ, онда ол қорғаныс активі болып саналады. Өткен жыл үшін де, оның басында да бұл баға көп нәрсені қосты және қазір өзінің ең жоғарғы шегіне жетті. Әрине, бұл алтын әмбебап қорғаныс активі дегенді білдірмейді, өйткені ол құлдырауға бейім. 2008-2009 жылдардағы соңғы әлемдік дағдарыс кезінде алтын бағасы төмендеп кетті,   бірақ ретроспективті талдау оның тез қалпына келтірілгенін көрсетеді» деп түсіндірді сарапшы.