Теннис • 16 Ақпан, 2020

Теннис: Елена Рыбакинаның тарихи жетістігі

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 848 000 АҚШ долларын құраған «WTA Premier» турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина өнер көрсетуде.

Теннис: Елена Рыбакинаның тарихи жетістігі

Бастапқы бәсекелерде чехиялық Катерина Синякова (59 ракетка) мен франциялық Фиона Ферродан (58 ракетка) басым түскен жерлесіміз ширек финалда тағы бір француз ойыншысы Осеан Доденнен (159 ракетка) айласын асырған еді.   

Жартылай финалдық сайста Елена Рыбакина Грекияның өкілі, WTA рейтингінде 21 орында тұрған Мария Сакарримен шеберлік байқасты. 1 сағат 57 минутқа созылған бұл бәсеке 3:6, 7:5, 6:1 есебімен отандасымыздың пайдасынан шешілді. 

Осы жеңісінің арқасында 20 жастағы отандасымыздың әлемдік рейтингте 19 орынға көтерілетіні анық. Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болатыны даусыз. Бұған дейінгі ең үздік нәтижесіміз – 25 орын еді. Бұл көрсеткшіке 2012 жылы Ярослава Шведова және биыл Елена Рыбакина қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше