11 Тамыз, 2013

Шығыс Қазақстан облысында туризм және сыртқы байланыс басқармасы құрылды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ержан Сембинов

Шығыс Қазақстан облысында туризм және сыртқы байланыс басқармасы құрылды. Оның басшысы болып Ержан Сембинов тағайындалды. Бұл туралы Altaynews.kz хабарлады.

Ержан Алтайұлы Сембинов өзінің еңбек жолын 1990 жылы жұмысшы болып бастаған. Бұдан кейін Шығыс Қазақстан облысындағы жол қауіпсіздігі қоры директорының орынбасары, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік табыстар министрлігнің Шығыс Қазақстан облысы бойынша кеден көліксервисі» республикалық мемлкеттік кәсіпорнының директоры болды. Бұдан кейінгі жылдары облыс әкімі аппаратының сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі, Риддер қаласы әкімінің аппарат жетекшісі болып істеді. Кейінгі жылдары облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында туризмді дамыту бөлімін басқарды.

Сәкен Майлыбай.