Облыстық Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай «Асыл мұра» аясында «Әлемге құшақ ашқан — Түркістан», «Қазығұрттың басында кеме қалған», «Open Еnglish» секілді бірнеше жобалар бастау алғанын айтады. Барлық жобаларды жүзеге асыру аясында азаматтардың жергілікті мәселелерді шешудегі талпынысын қолдау үшін шағын гранттар бөлу қарастырылуда екен. Алдағы уақытта еріктілер қатары 10000-ға көбеймек.
Сондай-ақ аудан, қалалық жастар орталықтарының жетекшілігімен 1000-ға жуық мектепте волонтерлікті негіз еткен өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстары жетілдіріліп, методологиялық көмек көрсетілетін болады. Ал еңбегімен ерекшеленген еріктілер жоғары марапаттарға ұсынылмақ.