Технология • 17 Ақпан, 2020

Xiaomi роботтар ғана істейтін зауыт салмақшы

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрші ел Қытайда Xiaomi компаниясы жылдан жылға өркендеп, алып брендтерге бәсекелес ретінде қауіп төндіріп отырғанын білеміз. Бірақ жақында бұл елде коронавирус ауруы шығып, цифрлық держава атанғысы келетін елге талай экономикалық қиындықтар тудырып отырғаны да аян. Қытай жаңа жылында жан-жаққа тарап кеткен халық енді өздері жұмыс істейтін өндіріс ошақтары көп үлкен қалаларға қайта алмай дал болуда. Бұл халықтың да, кәсіпорындардың да қалталары қағылып, шығынға батып жатқандығын көрсетеді.

Xiaomi роботтар ғана істейтін зауыт салмақшы

Компания бас директоры Лэй Цзюнь өздерінің осындай оқыс жағдайлардан шығудың амалын да тапқанын айтты. Тіпті, ол өз сұхбатында бірде-бір адам жұмыс істемейтін, толығымен автоматтандырылған өндірісі бар зауытты салудың алғашқы кезеңі біткенін де жариялады. Жаңа зауыт минутына 60 смартфон шығарып, дәстүрлі өндірістерден 60 пайызға артық өнімді жұмыс істемекші екен.

Автоматтандырылған жекелей бөлімшелер бұрындары іске қосылып, сынақтан жақсы өткендіктен мұндай зауыт жұмысын жолға қою қиын емес көрінеді. Тек коронавирус мәселесі ғана аздап тежеу болып отырғаны айтылды. Инсайдерлердің болжауынша зауыт бесінші буындағы қондырғыларды пайдаланатындықтан өндіріс тиімділігі өте жоғары болады.