Экология • 17 Ақпан, 2020

Кәсіпкерлер мен сарапшылар ауа сапасын анықтау жүйесін құрды

107 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстанның әйгілі кәсіпкерлері Берік Каниев пен Алексей Ли Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты мәселелерді шешу үшін «AirVision.kz» қоғамдық қорын құрды.

Кәсіпкерлер мен сарапшылар ауа сапасын анықтау жүйесін құрды

Қор құрылтайшылары өздерінің басты міндеті ретінде – алдағы бірнеше жылдың ішінде Алматы қаласының ауасын тазартуды айтады. Бұл мәселені шешу үшін қор мемлекеттік органдар, азаматтық сектор, қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшы қоғамдастықпен әріптесуді көздеп отыр. 

«Бәріміз бір ауаны жұтып отырмыз. Ауа – барлығымызға ортақ нәрсе. Сондықтан мен болашаққа зор үмітпен қараймын, әрі нақты қолынан іс келетін барлық күшпен бірлесе жұмыс істейтінімізді мәлімдегім келеді», - деді Қор құрылтайшысы, кәсіпкер Берік Каниев.

Алматы ауасының ластану мәселесін шешудегі алғашқы қадам – заманауи мониторингтеу жүйесін құру болып табылады, ол жүйеден келіп түскен мәлімет барынша толық, дұрыс болуы тиіс.

Қор құрылтайшысы, кәсіпкер Алексей Ли «Бүгінде Алматыда ауа сапасын мониторингтейтін толыққанды жүйе жоқ. Барлық мәлімет әр түрлі, олар жеткіліксіз. Ол аздай, мемлекеттік органдардан келетін ақпаратқа қоғамдық белсенділер сенбейді, ал белсенділердің мәліметіне мемлекеттік органдар сенбейді. Шиеленіскен бұл жағдайды шешу үшін, біз азаматтық және мемлекеттік сектордағы серіктерімізбен бірге бірегей жүйе құруға дайынбыз. Ол жүйеден түскен тұжырымдамалар барлық мүделлі тараптар үшін заңды болады. Мұндай мониторингтеу жүйесі пайда болмайынша, ауаны бәрінен де жылу электр станциясы ма, автокөліктер немесе жекеменшік сектор ластандырып тұрғаны жөнінде дау-тартыс өрши береді».

Эколог-зерттеуші, ғылым докторы Айымгүл Керімрайдың айтуынша, ауа сапасын дәл мониторингтеу жүйесі Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымы мен экология саласындағы басқа да халықаралық сарапшылардың әдістемелері негізінде құрылған. Айта кетерлік жәйт, ластану көздерінің үлесін анықтау үшін РМ2.5 қалқымалы заттар мен қабылдағыш үлгілеудің химиялық құрамы алғаш рет анықталады деп жоспарлануда. Бұл әдістеме ғылыми қоғамдастықта оң бағаға ие болған, әрі әлемде РМ2.5 ластану деңгейіндегі лас көздерінің үлесін зерттеу үшін кеңінен қолданылып келеді.    

«Ластану көздерін анықтаудың әдістемелері екіге бөлінеді: есептеу тәсілі (ластаушы заттардың лақтындырысын түгендеу) және іс тәжірибелік тәсіл (РМ2.5 сынамасын алып, құрамын сараптау). Біз осы екі ұсақ бөлшекті алып, арнайы құрылғыдан өткіземіз, сөйтіп ауаны жылу электрцентраль, көлік немесе пеш түтіні көбірек ластап жатқанын айғақтайтын нақты дәлел аламыз. Мұндай зерттеуді Қазақстанда әлі ешкім жасаған емес», - дейді.

Қор құрылтайшысы, кәсіпкер Алексей Ли «Бүгінде экология мәселесі негізінен эко-белсенділер мен билік өкілдерін толғандырып тұр. Біз үшінші күш – бизнес-қауымдастықты да осы мәселеге жұмылдырғымыз келеді. Кәсіпкерлер – бұл елдің көшбасшылары, осы үрдістің басы қасында жүруге міндетті, әрі жүре алады. Еліміздегі жауыр болған экологиялық тауқіметтерді шешуде бизнес өкілдері нақты көмек көрсете алатынына сенімдіміз» деп атап өтті.

Қор өкілдері тәуелсіз эко-мониторингпен айналысатын әріптестеріне де көмек қолын созатындарын баса айтып өтті. Әсіресе, Павел Александров пен AuaGroup бастамаларының бір бөлігін қаржыландыру көзделген. Дәл мониторингтеу жүйесін құруға кететін шығын, алдын-ала болжау бойынша, жүздеген миллион теңгені құрауы мүмкін, сол себептен қор құрылтайшылары бизнес-қауымдастықтан өз бастамаларына қолдау көрсетулерін сұрады. Қор қызметі меценаттардың қайырымдылық көмегі мен краудфандинг жүйесі есебінен қаржыландырылады.

 

АЛМАТЫ