Жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы Талдықорған және Алматы гарнизондарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің жұмысын тексерді. Ол десанттық-шабуыл бригадасы мен арнайы мақсаттағы бөлімге барды. Онда ол материалдық-техникалық базаның жағдайын тексеріп, жауынгерлік техниканы сынауға қатысты.
Талдықорғанда әуебазасында министрге Су-30СМ жаңа көпфункционалды жойғыш ұшқыштардың мүмкіндіктері көрсетілді. Қорғаныс ведомствосының басшысы «Арлан» көп мақсатты брондалған доңғалақты машинасының тактикалық-техникалық мүмкіндіктерін тексеріп, жүріс сапаларын сынаған, сондай-ақ тұрақтандырылған, қашықтықтан басқарылатын және механикалық жауынгерлік модульдері бар «Утёс» оқшашарынан атты.
Мамандандырылған бөлімдердің бірінің командирі жедел және жауынгерлік даярлық іс-шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар туралы баяндады. Тексеру қорытындысы бойынша Нұрлан Ермекбаев гарнизон әскери қызметшілерінің жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығына жоғары баға берді.