12 Тамыз, 2013

50 жастағы әйел 6 жасар ұлын суға батырмақшы болды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ускаман-река

Өскемен қаласында тұратын 50 жастағы әйел өзінің 6 жасар ұлын суға батырып, ағызып жіберуге әрекет жасады. Бұл туралы Altaynews.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға 10 тамыз, сенбі күні орын алды. Сол күні түс кезінде 15 жасар жасөспірім полицияға телефон шалып, Ертіс өзенінің бойындағы Котлаванда әлдеқандай бір әйелдің кішкентай баланы суға тұншықтырып өлтірмек болып жатқанын жеткізді.

Осы кезде сол маңайда бір топ жасөспірім балалар суға түсіп жатыр екен. Қоңырау шалған солардың бірі болып шықты. Ол әйелдің бүлдіршінді түрсиіне дейін шешіндіріп, сосын қолынан жетектеп, арырақ апарып, суға батыра бастағанын байқап қалады. Мұны көрген жасөсіпірім көп ойланбастан, соларға қарай тез жүзіп жетеді. Ол барған бойда жылап тұрған баланы әйелдің қолынан тартып алып, дереу «жедел жәрдемге» , төтенше жағдайлар департаментіне және полицияға хабарласады.

Қазір әйел облыстық психоневрологиялық диспансерде тексеріліп жатыр.

Әзірге ол содан кейін өзі де өмірмен қоштаспақ болған деген ғана болжам бар.

Құрыш Нұрымбет.